Тоғжанов депутат сауалына жауап берді
Тоғжанов депутат сауалына жауап берді
201
оқылды

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Мәжіліс депутаты Бек­болат Тілеуханның депутаттық сауалына жауап берді. Мә­жілісмен 8 нау­рызда Алматыда өткен феминистер шеруінің заңдылығын тексеруді сұраған болатын.

Бұған дейін Бекболат Тілеухан шеру кезінде әкімдік мақұлдаған мәселелерден басқа, елде тыйым салынған экстремистік ұйымның ұрандары ай­тылғанын, сонымен қатар бір жынысты неке мен жы­ныстың өзгеруі туралы насихат жүр­гізілгенін де атаған еді. Осы жайға тоқталған мә­жі­лісмен вице-премьерден акцияның заңды­лығына баға беріп, балаларды «зиянды» ақпараттан қорғауды сұраған. Ал өз жауабында Тоғжанов шеру мен митинг Алматы әкім­дігімен келісілгенін жазды. – Мүдделі мемлекеттік ор­гандар акция кезінде қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдады. Бас прокуратура мен Ішкі істер ми­­нистрлігінің ақпараты бойын­ша, акция кезінде қоғамдық тәр­тіп бұзылмаған, – делінген жауап­та. Митингті ұйымдастырушылар «әртүрлі әйел­­­дердің құқығы» та­қырыбын алдын ала бекіткен бо­латын. Кейін шеруге ЛГБТ өкіл­дері де қосылып, баса назар салған мәселе басқа арнаға түсіп кет­­­кендей әсер қалдырды.  

 М.ЖАЛҒАСҰЛЫ