Қостанай қаласы әуежайының жанындағы Тарелочка өзенінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
«Бүгін сағат 10:30-да жедел жәрдем қызметіне хабарлама түсті. Оқиға орнына шыққан медициналық қызметкерлер бригадасы 15 жастағы жасөспірімнің денесін судан алып шыққанша күтті. Оны қарау кезінде реанимациялық іс-шаралар өткізілді. Бірақ, өкінішке қарай, одан нәтиже шыққан жоқ. Жедел жәрдем бригадасы баланың өлімін тіркеді», - деп хабарлады ведомство.
Басқарманың берген алдын ала мәліметінше, қаза болған жасөспірім суға секіріп, мойынын сындырып алған.