Жас сарапшыларға сенім артты
Жас сарапшыларға сенім артты
237
оқылды

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының бесінші отырысы болды. Қатысушылар Қазақстан экономикасының пандемиядан кейінгі кезеңдегі үрдістерін, міндеттері мен келешегін талқылады. Кездесуге Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, клуб мүшелері және шақырылған сарапшылар қатысты.

Сенат Төрағасы пікірсайыс алдында COVID-19 панде­мия­сының әлемдік экономикаға кері әсер тигізгенін атап өтті. Қа­­­зақ­стандық ЖІӨ көрсеткіштері 2,6%-ға қысқарды. Көлік, сауда, қызмет көрсету секторлары ең көп зардап шеккен салалардың бірі болды. Мәу­лен Әшімбаев атап өткендей, пан­демия жағ­дайында дағдарысқа қарсы ша­раларды іске асыруға бағытталған заңдарды сапалы пы­сықтау және жедел қабылдау Пар­ламенттің міндеті болып та­бы­лады. Мәулен Әшімбаев Қазақстан алдында тұрған бірқатар өзекті міндетті атады. Оның ішінде ша­ғын және орта бизнестің даму қар­­қыны мен жұмыс орындарын қалпына келтіру, мемлекеттік көр­сетілетін қызметтер мен биз­несті цифрландыру, сондай-ақ мемлекеттік шығыстардың мем­лекет кірістеріне мөл­шер­лестігін қамтамасыз ету бар. Сенат Төрағасының ай­­туын­ша, биыл бюджет тапшылығы 2020 жылғы ЖІӨ-ге қатысты 3,1%-дан 2021 жылы ЖІӨ-ге қа­­­тысты 3,5%-ға дейін өсуі бай­­­қалады. «Бюджет тапшылығы ішкі және сыртқы қарыз алу есебінен қаржыландырылып отыр. Бұл жаңа проблема емес. Келесі 2022-2024 жылдардағы үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қа­лыптастыру кезінде осы үрдісті өзгерту қажет. Бюджет шикізаттық емес сектор мен өңдеу өнеркәсібін дамыту есебінен толықтырылуы тиіс. Ресурстарды, оның ішінде мемлекеттік ресурстарды үнемдеу еңбекті ұйымдастырудағы жаңа нысандарды қамтамасыз ете ала­ды. Атап айтқанда, қашықтан жұмыс істеу сипаттарын ұлғайтуға, цифрлық платформаларды не­­­­ғұрлым белсенді пайдалануға бо­лады», – деді Мәулен Әшімбаев. Сенат Төрағасы пандемия кезінде айқындалған бағыттар бойынша мамандар даярлауды өзекті міндет ретінде атады. Бұл дәрігерлер, әсіресе инфек­­­цио­­нистер мен эпидемиологтер, сон­дай-ақ оқытушылар, IT сала­сындағы мамандар болып отыр. Пікірталасқа қатысушылар Қазақстан экономикасын қал­­пына келтіруге қатысты өз бол­жамдарымен және ұсыныс­­тары­мен бөлісті. Атап айтқанда, «Ата­мекен» ҰКП төрағасының орын­басары Олжас Ордабаев пандемия кезінде және одан кейін кә­­сіпкерлер арасында жұмыс күшіне деген қажеттіліктеріне бай­­ла­нысты жүргізілген сауал­­нама нәтижелері туралы айтып берді. Шараға шақырылған келесі са­рапшы Тимур Одилов еліміздің 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын заңнамалық қамтама­сыз етуге қатысты өз ұсынысын айтты. Айнұр Әмірбекованың таныстырылымының тақырыбы өнеркәсіпті жаһандық жаңа қауіп-қатерлерді ескере отырып дамыту болды, ал Эльдар Шамсутдинов карантиннен кейінгі кезеңдегі микро және шағын бизнестің жай-күйін талдау нәтижелерін айтты. Клуб мүшелері де пан­демиядан кейінгі даму келешегі туралы өз ойларымен бөлісті. Мәулен Әшімбаев талқылауды қорытындылай келіп, сарапшылар айтқан ұсыныс-ұсынымды Пар­ла­мент жұмысында пайдала­нылатыны және Ұлттық эко­но­мика ми­нистрлігі назарға ала­тынына сенім білдірді.

А.СҰЛТАН