Бағдарламаның орындалу барысын талқылады
Бағдарламаның орындалу барысын талқылады
191
оқылды

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық мәслиха­тындағы депутаттық фрак­циясының кезекті отыры­сын­да облыс бойынша сайлауал­ды бағдарламаны іске асыру­дың жай-жапсары талқы­ланды.

Жол картасының «Өмір сүру ұзақтығын ұзарту», «Тұрмыстық жағдайды жақсарту» және «Кәсіп­керлерді қолдау» бағыты бойынша жауапты депутаттар есептік ке­зеңдегі жұмыстарын баяндады. Мәселен, облыстық партия фи­лиалы жанындағы денсаулық сақтау саласын дамыту бағыты бойынша қоғамдық кеңестің тө­рағасы, облыстық мәслихат де­путаты Ерлан Аяғанов денсау­лық саласындағы жетістіктер мен бірқатар проблемаға тоқталды. Бүгінде облыс көлемінде ме­ди­циналық ұйымдардың жабдық­талуы 75,97% құрайды. 2021 жылы денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын денсаулық сақтау саласына ар­налған республикалық бюджеттен бөлінетін субвенциялар есебінен нығайту мақсатында 924,3 млн теңге сомасына 77 бірлік медици­налық жабдық сатып алу жос­пар­ланған. Медициналық жабдықталу ойдағыдай жүріп жатқанымен, облыста 290 дәрігер маман тапшы. Маман тапшылығы мәселесін шешу үшін облыстық бюджет есебінен 35 студент республиканың жоғары оқу орындарында рези­дентураға оқуға жіберілді, со­нымен қатар Көкшетау мемле­кеттік университетіне «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 50 грант бөлінген. Өңірде медицина ұйымда­рының құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде Құрылыс басқармасы мердігерлермен Қараөткел ауы­лында дәрігерлік амбулатория мен Целиноград ауданы Қоянды ауы­лында алғашқы медициналық-санитарлық көмек пунктінің құ­рылысын бастау үшін келісім­шарттар жасасты. Сонымен бірге Денсаулық сақтау басқармасы 2023 жылға дейін Көкшетауда 630 төсектік көпсалалы облыстық аурухана мен жедел жәрдем стан­сасының құрылысын жүргізіп жатыр. «Сарыарқа» шағынауданынан құрылыс үшін 17 гектар жер бө­лінген. Құрылыс мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүргізілмек. Жедел жәрдем стан­сасының құрылысы үшін «Сары­арқа» шағынауданынан 1,5 гектар жер учаскесін бөлу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Ал «Тұрмыстық жағдайды жақсарту» индикаторы бойынша есеп берген облыстық мәслихат депутаты Абай Жорабек 4 айдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында 198 мың шаршы метр пайдалануға берілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ биыл көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 1,0 миллиард теңге бөлініп, жұмсалды. Жыл соңына дейін 179 көпбалалы отбасын баспанамен қамтамасыз ету жос­парланып отыр. Биыл 4 айдың қорытындысы бойынша 197,9 мың шаршы метр пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,8% құрайды. Облыстың Ақкөл, Егіндікөл, Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандары мен Көк­шетау қаласында тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары орын­далмаған. Бұл депутаттардың тікелей бақылауында деп сендірді А.Жорабек. «Шағын және орта кәсіп­кер­лердің өсімі үш аумақта байқалып отыр», – деді өз баяндамасында облыстық мәслихат депутаты Әділ Жұмабаев. Бұл Целиноград, Аршалы және Көкшетау. Оған қоса, «Бизнестің Жол картасы – 2025» бойынша ең көп қабылдан­ған жобалар Целиноград, Көк­шетау және Бурабай аудандарында екен. Жауапты депутаттардың есе­бін тыңдаған фракция мүше­лері күн тәртібіндегі барлық мә­селені бақылауына алды.

Әбілмансұр ЖАСАН