Таразда 66 жастағы науқас бас дәрігермен кездесуді талап етті. Ол дәрігердің қабылдауын күтпестен «бәрін жарып жіберемін» деп қорқытқан. Осылайша, тәртіп сақшыларына аурухананы эвакуациялауға тура келді.
Полиция мәліметі бойынша, аурухананы жарып жібермекші болған әйел туралы медбике хабар берген. Тәртіп сақшылары емхананы қоршап, дәрігерлер, науқастар мен келушілерді эвакуациялады. Жарылғыш зат төрт көпқабатты ғимараттан бірнеше сағат бойы ізделген. Алайда қауіпті ештеңе табылмаған. Әйел оқиға орнында ұсталды. Енді оған айыппұл салынады немесе бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. «Аталған дерек Тараз қаласы Полиция басқармасы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізімінде ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша тіркелді. Қызметтік-іздестіру иттері мен саперлер оқиға орнын тексеру барысында аурухана ғимаратында қандай да бір күдікті заттар мен құрылғылар табылған жоқ», – деді Тараз қалалық Полиция басқармасының бастығы Асылхан Заурбеков.Исмаил ҚУАНЫШ