Орталықтың жұмысын тексерді
Орталықтың жұмысын тексерді
197
оқылды

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы қалалық мониторинг тобының мүшелері «Шаңырақ» әлеу­меттік қызмет орталығына барды.

«Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» пар­тия­лық жо­балары аясында жүргізілген мони­торинг аталған мекемеде қолжетім­ділік бойынша біршама кемшілікті анықтады. Бұған дейін қызмет алу­шылар тарапынан та­мақтану мә­селесіне қатысты ша­ғымдар түскен. Ме­кеме басшы­лығына ескерту жа­салды. «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығында 260-тан астам  қарт және мүгедектігі бар адамдарға қыз­мет көрсетіледі. Орталықтың қыз­ме­­тіне қараусыз қалған немесе үнемі күтімге мұқтаж адамдар жүгі­неді. Аталған мәселелер мен ес­кер­тулерді жою және түзету бойын­ша жұмыстар партияның бақылауына алынады, сондай-ақ Жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қо­ғамдық кеңесінің оты­рысында қаралатын болады.

Әбілмансұр ЖАСАН