Депутат футбол алаңын салып берді
Депутат футбол алаңын салып берді
213
оқылды

«Nur Otan» партиясының сай­лауалды бағдарламасы ая­сында Түркістан облысы мәс­лихатының депутаты, кәсіпкер Ғабиден Қапалбаев­тың демеу­шілігімен  Бәйдібек ауданы Кеңестөбе ауылынан салынған заманауи кіші фут­бол алаңша­сы пайдалануға берілді.  

Футбол алаңшасының ашылу салтанатына «Nur Otan» партия­сының Түркістан облыстық фи­лиа­лы төрағасының бірінші орын­ба­сары, фракция жетекшісі Бейсен­бай Тәжібаев, облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, спортқа жас­тарды тәрбиелеп, келешек ұрпаққа осындай жағдай жасап отырған Ғабиден Заман­хан­ұлына алғысын білдірді. Салтанатты лента қию рә­сі­мі­нен кейін ауыл ақсақалы ақ бата­сын беріп, алаңда ауыл жас­тары арасында футболдан жарыс ұйым­дастырылды. Футболды жақ­сы кө­ретін ауыл жастары үшін бұл тамаша сый болды. Бұ­дан былай шынығамын, шың­даламын деген ауыл жастары үшін бұл алаңшаның есігі әр­дайым ашық болмақ. «Nur Otan» фракциясының депутаты Ғабиден Қапалбаевтың айтуынша, партияның сайлауал­ды бағдарламасында өңірде спорт нысандарын салу, инфра­құрылым­ды жақсарту жоспар­лары енгізіл­ген. Осы бағытта жұмыс жал­ға­сады.

Әбілмансұр ЖАСАН