Жалған: 50 мың теңге аламын деп алданып қалмаңыз
Жалған: 50 мың теңге  аламын деп алданып қалмаңыз
218
оқылды

Әлеуметтік желіде 50 мың теңге алу үшін төлем жасау қажеті туралы ақпарат тарады. Бұл хабарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған 50 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті тағайындау қызметі үшін 3120 теңге мөлшерінде төлем жасау қажеттігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды» деп хабарлады министрлік. Жауапты органның  мәліметінше, елімізде қандай да бір төлемдерді аудару арқылы тағайындалатын жәрдемақы немесе әлеуметтік төлем жоқ.  Яғни, 3 120 теңге төлем жасаудың қажеті жоқ. «Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз», – деді министрлік.

А. ЖОЛДАС