«Алтыналмас» АҚ компаниялар тобы пандемияда жұмыскерлерді қолдауға бағытталған нысаналы бағдарламаларды іске асыруды жалғастыруда. Өз жұмыскерлерінің әл-ауқатына қамқорлық жасау және әлеуметтік жауапкершілікті ұстану – «Алтыналмас» АҚ (бұдан әрі – «Алтыналмас» немесе «Топ») компаниялар тобының басымдықтары болған және болып қала береді.
Пандемиямен күрес аясында ел басшылығы жаппай вакциналау бағдарламасына бастамашы болды. «Алтыналмас» басшылығы бұл бастаманы толық қолдайды және пандемияға қарсы күресте тек Топ жұмыскерлеріне ғана емес, олардың отбасы мүшелеріне де, кей жағдайда біздің қоғамның қалың бұқара топтарына да көмек көрсетуге дайын. «Алтыналмастың» осы күрделі кезеңде Топ ұжымдарына қолдау көрсетуге және денсаулықты қорғауға бағытталған бағдарламалары өндірістік алаңдардағы жұмысшыларды вакциналаудан басқа барлық жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерін жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуді, материалдық көмек төлеуді қамтиды. Ерекше жобалардың қатарына кен орындарында жұмыскерлер денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін буферлік қоныстар салу жатады, бұл жобаны жүзеге асыруға 6 000 000 000 теңге көлемінде инвестиция жұмсалды. Адамдардың, біздің туыстарымыздың, жақындарымыздың әрі қоғамымыздың әрбір мүшесінің денсаулығына қамқорлық жасау – әрқайсымыздың жауапкершілік танытуымыздан басталады! Жалғасып отырған пандемия әлемдік экономиканың айтарлықтай құлдырауына әкеліп, оның әсерін біздің жұмыскерлеріміз де сезінуде. Осыған байланысты, пандемия жалғасып жатқан кезеңде Топ жұмыскерлерін қолдау мақсатында «Алтыналмас» пен оның кәсіпорындары өз қызметкерлеріне үшінші рет біржолғы материалдық көмек төлемін жасайды. Бір жұмыскерге есептелетін сома міндетті салықтарды шегергеннен кейін 200 000 теңгені құрайды. Төлем компаниялардың басшылығын және шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, персоналдың барлық санаттарына жүргізіледі. Топ бойынша төлемдердің жалпы сомасы 8046 жұмыскер үшін 2 000 000 000 теңге болмақ. Материалдық көмек көрсетудің бұл бағдарламасына 2021 жылғы1 мамырдағы жағдай бойынша Топтың барлық кәсіпорындары қатысады. Пандемия басталғалы бері, яғни 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Топ бойынша біржолғы материалдық көмек төлемдерінің жалпы сомасы – 3 млрд 600 млн тг.Анықтама:
«Алтыналмас» Ақ – геологиялық барлау, тау-кен өндірісі мен алтын өңдеудің толық циклін қамтыған компания. Компанияның Қазақстан Республикасының төрт аймағында активтері бар: Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы «Пустынное» жобасы, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы «Ақбақай» жобасы, Шығыс Қазақстан облысындағы «Мизек» кен орны, «Ақсу» жобасы және Ақмола облысындағы «ҚАЗАҚАЛТЫН ТКМК» АҚ объектілері.
«Алтыналмас» АҚ Баспасөз қызметі