Әлеуметтік жауапкершілік – «Алтыналмас» АҚ компаниясының басты ұстанымы
Әлеуметтік жауапкершілік – «Алтыналмас» АҚ компаниясының  басты ұстанымы
128
оқылды

лого«Алтыналмас» АҚ компаниялар тобы пандемияда жұмыскер­лерді қолдауға бағытталған нысаналы бағдарламаларды іске асыруды жалғастыруда. Өз жұмыскер­лерінің әл-ауқатына қамқорлық жасау жә­не әлеуметтік жауапкершілікті ұстану – «Алтыналмас» АҚ (бұдан әрі – «Алтыналмас» немесе «Топ») ком­паниялар тобының ба­сым­дық­тары болған және болып қала береді.

Пандемиямен күрес аясында ел бас­шылығы жаппай вакциналау бағдар­ламасына бастамашы болды. «Алтын­алмас» басшылығы бұл бастаманы толық қол­дайды және пандемияға қарсы күресте тек Топ жұмыскерлеріне ғана емес, олардың отбасы мүшелеріне де, кей жағдайда біздің қоғамның қалың бұқара топтарына да көмек көрсетуге дайын. «Алтыналмастың» осы күрделі ке­зеңде Топ ұжымдарына қолдау көрсетуге және денсаулықты қорғауға бағытталған бағдарламалары өндірістік алаңдардағы жұмысшыларды вакцина­лаудан басқа барлық жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерін жеке қорғану құрал­дарымен қамтамасыз етуді, материалдық көмек төлеуді қамтиды. «Алтыналмас» АҚ Ерекше жобалардың қатарына кен орындарында жұмыскерлер денсаулығы­ның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бу­фер­лік қоныстар салу жатады, бұл жобаны жүзеге асыруға 6 000 000 000 теңге көле­мінде инвестиция жұмсалды. Адамдардың, біздің туыстарымыздың, жақындарымыздың әрі қоғамымыздың әрбір мүшесінің денсаулығына қам­қор­лық жасау – әрқайсымыздың жауап­кершілік танытуымыздан басталады! Жалғасып отырған пандемия әлемдік экономиканың айтарлықтай құлды­рауына әкеліп, оның әсерін біздің жұмыскерлеріміз де сезінуде. Осыған байланысты, пандемия жалғасып жатқан кезеңде Топ жұмыскер­лерін қолдау мақсатында «Алтыналмас» пен оның кәсіпорындары өз қызметкер­леріне үшін­ші рет біржолғы материалдық көмек төлемін жасайды. Бір жұмыскерге есептелетін сома мін­детті салықтарды шегергеннен кейін 200 000 теңгені құрайды. Төлем ком­па­ния­лардың басшылығын және шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, персоналдың барлық санаттарына жүргізіледі. Топ бойынша төлемдердің жалпы сомасы 8046 жұмыскер үшін 2 000 000 000 теңге болмақ. Материалдық көмек көрсетудің бұл бағдарламасына 2021 жылғы1 ма­мыр­да­ғы жағдай бойынша Топтың барлық кәсіп­орындары қатыса­ды. «Алтыналмас» АҚ Пандемия басталғалы бері, яғни 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Топ бо­йынша біржолғы материалдық көмек тө­лемдерінің жалпы сомасы – 3 млрд 600 млн тг.

Анықтама:

«Алтыналмас» Ақ  – геологиялық барлау, тау-кен өндірісі мен алтын өңдеудің толық циклін қамтыған компания. Компанияның Қазақстан Республикасының төрт аймағында активтері бар: Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы «Пустынное» жобасы, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы «Ақбақай» жобасы, Шығыс Қазақстан облысындағы «Мизек» кен орны, «Ақсу» жобасы және Ақмола облысындағы «ҚАЗАҚАЛТЫН ТКМК» АҚ объектілері.

 

 «Алтыналмас» АҚ Баспасөз қызметі