Түлектер 13 жыл пәтер жалдап тұрған көпбалалы отбасыға үй алып берді
Түлектер 13 жыл пәтер жалдап тұрған көпбалалы отбасыға үй алып берді
157
оқылды

Еңбекке жарамсыз отағасы бала-шағасымен 13 жыл жалдамалы пәтерде тұрып келген.

Баспанада тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған. Осы уақытқа дейін аудан әкімдігінің қамқорлығында болып келген отбасыға алдағы уақытта да көмек көрсетілмек.

Сондай-ақ дәл осы ауданда Қарағашты ауылындағы Дауан жалпы орта мектебін 20 жыл бұрын бітірген түлектер Тәжібаевтар отбасының құлап қалған үйін қайта тұрғызып, баспанасын жаңартып берген.

Түлектер ауылдағы орталық мешітке жылу жүйесін жүргізіп, кілемдерін жаңартып берді.

Бұған дейін Түркістан облысымен қатар Жамбыл облысында да асарлатып үй салып берген қайырымды жандар туралы жазған болатынбыз.