Екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
5,214
оқылды

Метеорологтардың айтуынша, 27 мамырда Қазақстанның батыс, солтүстік, ал 28 мамырда орталық және шығыс аймақтарда ауа райына Қара теңіз аймағынан келген антициклон ықпал етеді.

«Солтүстік ауа ағыны ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді. Батыста түнде 10-22 градусқа дейін, күндіз 27-35 градусқа дейін жылы болады. Солтүстік, орталық, шығыста ауа температурасы түнде 5-15 градусқа дейін, күндіз 17-28 градусқа дейін ысиды. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. 28 мамырға қараған түні Шығыс Қазақстанда нөсер болады. Сондай-ақ қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін», – дейді синоптиктер.

Оңтүстікте күн қатты ысиды. Оңтүстік-шығыста өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.