"Жол апатынан 14 оқушы қайтыс болды": Оқиғаның мән-жайы анықталды
"Жол апатынан 14 оқушы қайтыс болды": Оқиғаның мән-жайы анықталды
193
оқылды
Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында болған жол апатының видеосы тарап кетті. Видеода 14 оқушының қайтыс болғаны туралы айтылған. Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Айша бибіде маевкадан қайтып келе жатқан 14 оқушы қайтыс болды. Ата-аналар чатына салыңыздар. Балалар ата-ана жанында болсын", - делінген видеоның сипаттамасында.
Жамбыл облыстық полиция департаменті жол апаты 24 мамырда Айша Бибі ауылының жолында болғанын хабарлады.
"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Таразға қарай келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігі BMW-мен соқтығысқанын анықтады. Жол апатынан BMW көлігінің 19 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады полицейлер.
Бұдан бөлек, 6 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)