18 жасқа дейінгі әр балаға ай сайын 26 мың теңгеге жуық жәрдемақы беріле ме?
18 жасқа дейінгі әр балаға ай сайын 26 мың теңгеге жуық жәрдемақы беріле ме?
363
оқылды

Мәжіліс депутаттары Қазақстанда 18 жасқа дейінгі әр балаға орташа жалақы мөлшерінде жалпыға бірдей жәрдемақы енгізуді ұсынды.

Бұл мәселені депутат Айжан Сқақова көтеріп, елімізде жұмыс істемейтін әйелдерге ай сайынғы бала күтіміне жәрдемақы қалай төленетінін айтты. Бірінші балаға - 16 802 теңге, екіншісіне - 19 865 теңге, үшіншісіне - 22 898 теңге, төртінші және одан көп балаға - 25 961 теңге.

Бұл бір балаға күніне 560-865 теңге деген сөз, ал сотталған адамның тамағына 1018 теңге жұмсалады. Жәрдемақының ішінде баланың анасына ақша қарастырылмаған.