Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Арман Шоқанұлы Кенжеғалиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.
Арман Кенжеғалиев 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, «Қайнар» университетін, Шеффилд университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, заңгер, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат саласындағы магистр.
Еңбек жолын 1999 жылы коммерциялық ұйымда заңгер болып бастаған.
2002-2003 жж. «Қазпошта» АҚ «Астана почтамты» АФ құқықтық жұмыс жөніндегі бас маманы болып жұмыс істеді.
2003-2012 жж. ҚР Әділет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарды.
2012-2017 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, консультанты.
2017-2018 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары.
2018-2020 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары, директоры.
2020 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры қызметін атқарды.