Бүгін ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай, өткінші жаңбыр күтіледі. Республиканың кей жерлерінде дауыл, жел күшейеді. Бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күшеюі – 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар, күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің күшеюі – 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды облысында күндіз дауыл болады.
Ақмола, Қостанай облысында дауыл, желдің күшеюі – 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Түркістан облысында дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман болады, күндіз Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарында өте жоғары өрт қаупі бар.