Депутат балаларға арналған ойын алаңын сыйға тартты
Депутат балаларға арналған ойын алаңын сыйға тартты
149
оқылды
Облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшесі Мағжан Ералиев Ақмешіт 2 мөлтекауданында өзінің жеке қаражаты есебінен балаларға арналған ойын алаңын сыйға тартты. Балаларға ойын алаңын салу мәселесіне қатысты Мағжан Ералиевтің мөлтек қала тұрғындарымен кездесуінде тұрғындар тарапынан ұсыныс айтылған болатын. Облыстық мәслихат депутаты Мағжан Ералиев тұрғындардың ұсынысын  назарға ала отырып, өз қаражатының есебінен құны 7 миллион 900 тг. тұратын жаңа ашық аспан астындағы балаларға арналған ойын алаңын салдырды. Ойын алаңы ресми қолданысқа 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында берілді. Ашылу салтанатында балаларға мерекелік ойыншықтар үлестірілді. Мөлтекаудан тұрғындары Мағжан Ералиевке алғыстарын білдірді. Жас депутаттың игі істері мұнымен шектелмейді. Қызылорда қаласының Рисмаш мөлтекауданындағы Қ.Маханбетов көшесіне қарасты тұйық  жол мәселесі тұрғындарға қиындық тудырып келді. Депутат тұрғындардың талап-тілектерін ескеріп, тұйықтағы жолға жеке қаражаты есебінен тас төсетті.