Каналға батып кеткен 8 жастағы баланың денесі екі күннен кейін табылды
Каналға батып кеткен 8 жастағы баланың денесі екі күннен кейін табылды
100
оқылды
Қызылорда қаласында каналға суға батып кеткен сегіз жастағы ұл баланың денесі табылды. Оқиға облыс орталығына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде 25 мамырда кешкі сағат 20.30 шамасында болған. Сол уақытта туысымен егістікті суару каналы үстіндегі жүргіншілер көпірінде ол абайсызда  құлап, каналға суға батып кеткен. Баланың денесі екі күннен астам уақыт бойы іздестірілген. Нәтижесінде бүгін сағат 16.39-да денесі табылды. Іздестіру шараларына барлығы 111 адам мен 9 техника қатысты. Оның ішінде 64 адам (5 техника) облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен оған қарасты мекемелерде қызмет атқарады.
«Негізі аталған көпір адамдардың жүруіне арналмаған. Ол су шаруашылығы мекемесінің су өлшеуі үшін жасалған. Бала сол жерге су алу мақсатында барған. Қолындағы ыдысы каналға түсіп, соны алуға ыңғайланған сәтте құлап кеткен. Облыста жыл басынан бері 14 адам суға кетіп, қайтыс болды. Оның 9-ы кәмелетке толмаған», – деді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Ізбасаров.