Бірнеше күн бұрын осы тұрғын үй қасбетінің біршама бөлігі сыпырылып түскен болатын. Қауіпті қаптаманың құлауы тағы да жалғасып, тұрғындарды үрей құшағында қалдырды, - деп хабарлайды өңірлік "Лада" сайты.
Ақтауда орналасқан №169 үй тұрғындарының айтуынша, 23 мамырда қасбеттің құлауы салдарынан газ құбыры бүлініп, көгілдір отын беру бірден тоқтатылған.
Алғашқы құлаудан кейін қала әкімдігі тарапынан қаптаманың қалған бөлігі алынатыны айтылғанымен, әлі ешқандай ауқымды әрекет жасалмаған. Дегенмен, газ құбыры жедел қалпына келтіріліп, 25 мамырда іске қосылған еді.
Қатты жел салдарынан ғимараттың қасбеті кеше тағы құлаған. Нәтижесінде газ құбырына тағы да зақым келді. Әрине, мұндай жағдайдан соң газ беру тоқтатылған.
https://youtu.be/DPYL-aKkTR8