Тұрғындардың сұрақтарына жауап берді
Тұрғындардың сұрақтарына жауап берді
207
оқылды

«Nur Otan» партиясы Алма­ты қалалық филиалының төрағасы, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев партия­ның қоғамдық қабылдауына жүгінген қалалықтардың сұрақтарына жауап берді.

Жетісу-3 шағынауданы тұр­ғындарының өтініші бойынша құрылысы ұзаққа созылған нысан орналасқан учаскені салушы алдағы атқарылатын жұмыстар бойынша тұрғындармен кездесіп, барлық құжаттар мен жобаларды көрсететін болады. Мұнда іргелес аумақтар мен ауланы абаттандыру ескерілуі тиіс. Тұрғындар пікірі ескерілмесе, құры­лысты салуға рұқсат берілмейді.⠀ Алмалы ауданы тұрғындары­ның сауда нысанының орнына балалар спорт алаңын салу туралы өтініші де қолдау тапты. Ходжанов көшесі бойындағы №76 үйдің тұрғыны Н.Котованың сауалы бойынша ауланы жаңарту келесі жылға жоспарланған. Алайда «Nur Otan» АҚФ төрағасының тапсыр­масы бойынша, биыл футбол алаңы салы­нып, жаз кезінде балалардың ден­сау­лығын жақсартуға мүм­кіндік туады. Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Теректі шағынаудан тұр­ғын­дарының көлік жолайры­ғын салу жөніндегі сұрақтары пысық­тала­ды, құрылыс жүріп жатқан жер­ге барып, мәселе зерделенеді. Бұдан өзге, өтініш білдірген қала тұрғын­да­рына «Курортное» саяжай аума­ғын­да және Қарағайлы шағы­науда­нында инженерлік желілерді салу мерзімі хабардар етілді.

Әбілмансұр ЖАСАН