Қазақстанда некелесу неге азайды?
Қазақстанда некелесу неге азайды?
846
оқылды

Былтыр Қазақстанда Азаматтық хал-актілерін тіркеу (АХАТ) органдары 128,8 мың некені заңдастырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6% аз. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

128,8 мың некенің 85,8% – моноэтникалық некелер, 14,2% – этносаралық некелер; – 88,8 мыңы немесе 68,9% – қалада, 40,1 мыңы немесе 31,1% ауылдық жерлерде тіркелді. Сондай-ақ ерлердің 83,5% және әйелдердің 85% бірінші рет некеге тұрды. Ал ажырасқаннан кейін ерлердің 15,4%, әйелдердің 13,5% қайта некеге тұрған.   [caption id="attachment_141004" align="aligncenter" width="702"] width= Фото: stat.gov.kz[/caption] 2020 жылы ең көп неке Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Ең азы – Солтүстік Қазақстан облысында. Ерлердің 36,1% 25-29 жасында үйленеді, әйелдердің 43,7% 20-24 жасында тұрмысқа шығады.

Өткен жылы 2019 жылмен салыстырғанда Қазақстанда ажырасқан жұптар саны 19,7%-ке азайып, 48 мың болды. Оның ішінде, қалаларда 34,4 мың (71,7%), ауылдық жерлерде 13,6 мың (28,3%) ажырасу дерегі тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысында ажырасатындар көп. Түркістан облысында аз.