Биыл 26 мамырда сағат 10:00 кезінде әл-Фараби аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Н.Жусипов іздеу кезінде 2006 жылғы жасөспірімнің жалдамалы пәтерде жалғыз тұрып жатқанын анықтады.
Жасөспірім қыздың өз үйінен кетіп қалғаны анықталды. Қызды ата-анасына табыстады.
Жоғалған қыздың анасы шымкенттік полицейлерге алғыс айтты.