Ольга Рыпакованың қызы чемпион атанды
Ольга Рыпакованың қызы чемпион атанды
215
оқылды

Ольга Рыпакованың қызы  жеңіске жетіп, жеңіл атлетикадан екі алтын медаль жеңіп алды.

Анастасия Рыпакова Алматыда өткен 2004-2005 жылдары туған қыз-жігіттер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысты. Ол ұзындыққа секіру мен 100 метрлік төрт эстафетасы бойынша екі алтын медаль жеңіп алды. Қызының жетістігіне қуанып, мақтан тұтқан ана, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова бұл жайында Instagram-да бөлісті.

«Өзіңнің жеңісіңнен де үлкен қуаныш – қызыңның жеңісі. Алтын қызым, менің мақтанышым! Елімізде 18 жасқа дейінгі аралықта өткен жарыстың жеңімпазы атанды. Оның тілеуін тілеп, жанкүйер болудың өзін сөзбен жеткізу қиын. Жеткен жетістігін көргенде төбең көкке жетеді. Бұл менің жұлдызым, чемпионым!» - дейді Ольга Рыпакова.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Olga Rypakova (@olgarypakova_official)