Тоқаев Ольга Рыпакованы жеңісімен құттықтады
Тоқаев Ольга Рыпакованы жеңісімен құттықтады
5,132
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкіләлемдік әскери ойындарда алтын медальді жеңіп алған жеңіл атлет Ольга Рыпакованы құттықтады.

Twitter-дегі парақшасында: «Қытайда өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда танымал жеңіл атлетшіміз Ольга Рыпакова тамаша көрсеткішпен алтын медальге ие болды. Ольганың спорт әлеміндегі теңдессіз тәжірибесі, биік белестері көпке рух береді әрі шабыттандырады. Жарайсың,тек алға!» - деп жазды.