"Тойдың орнына жаназасын шығарды": Түркістанда туысын өлтірген ер адамға үкім шықты
"Тойдың орнына жаназасын шығарды": Түркістанда туысын өлтірген ер адамға үкім шықты
205
оқылды
Өз туысын өлтірген 42 жастағы Сарыағаш тұрғынына қатысты үкім шықты, - деп хабарлады Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты. Белгілі болғандай, оқиға биыл 30 қаңтарда Сарыағаш ауданы Қарабастау ауылында болған. Отбасы ұлын үйлендіруге дайындалып жатқан. Сол күні жиналғандар құдалық өткізбек болып, қалыңдықтың келуін күтіп отырған. Жігіттің туған-туыстары мен достары жиналған. Ер адамдар палау пісіріп, күйеу жігітпен әзілдесіп жүрген. Қонақтардың бірі оны мазақ қылып жатыр деп ойлап қалған. Ішімдікке мас болып қалған ер адам сәбіз турап отырған пышағын туысының кеудесіне сұғып алған. Жедел жәрдем шақырып, шұғыл көмек көрсеткенмен, зардап шеккен күйеу жігіт көз жұмды. Сотта ер адам кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінішін білдірді. Сот оны ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, 10 жылға соттады.