Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Канадаға есе жіберді
Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Канадаға есе жіберді
Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін Қазақстан құрамасы Канадамен кездесті. Алғашқы болып есепті канадалық хоккейшілер ашты. Ойынның 6-минутында Эндрю Манджапане есеп ашса, 21-минутта Оуэн Пауэр есепті үстемелей түсті. Ал қазақстандық Никита Михайлис 24, 41-минуттарда мергендік танытып, таразы басын теңестірді. Кейін канадалық хоккейшілер құрамынан Коул Перфетти 47, Коннор Браун 59-минуттарда гол соғып, канадалықтарға жеңіс сыйлады. https://www.youtube.com/watch?v=EE00pJlLOeo Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберді. Қазақстан құрамасы биылғы турнирде бұған дейін төрт кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы енді ертең, 29 мамырда Италиямен кездессе, 31 мамырда Норвегиямен кездесу өткізеді.