Адамдардың бәрі демей-ақ қояйын, лауазымды адамдардың арасында пара алмаса, алақандары қышып, дегбірлері ұшып, денелері ысып, тіпті, көкте ұшып жүретіндері жоқ емес қой? Ал, алғашқы адамдардың арасында пара алатындар болды ма екен? Енді, ол кезде сот төрағасы, судья дегендер болмаған ғой, бірақ тайпа көсемдері пара алды ма екен-ей? Мысалы, абыройларын жауып жүретін жақсы, жыртылмайтын жапырақтар алып дегендей? Әй, қайдам.
Сол жабайы адамдар Алматы қаласы, Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жоламанованы қолға түсірді.
– Атың кім? – деп сұрады тыржалаңаш, бірақ абыройын жапырақпен жапқан, үсті– басын жүн басқан тайпа көсемі.
– Светлана.
– Светлана, жабайылар еліне хош келдің. Біз сені құрметтеп, жабайылар арасында тұңғыш рет ұйымдастырғалы отырған жабайы аудандық сотының судьясы болып қызмет атқарасың. Сот төрағасы өзім. Жабайылардың да ақыл-естері кірген сайын, құтырып барады. Жабайы құндылықтардан айырылып барады. Сондықтан, сот жұмысын жүргізесің. Есіңде болсын, пара деген пәлекетке жолаушы болма. Айлығың керемет. Ай сайын момонт етін сүрлеп береміз. Бұғы етін жейсің. Бізге ештеңе демейсің!
Светлана қуанып кетті. Жабайылар арасында жұмыс істеу қиын емес көрінді. Жабайылар да қылмыс жасайды екен. Бір күні бір жабайы қария келді.
– Шырағым судья, бірдеңе айтам, сосын қайтам, – деді.
– Айта беріңіз, сосын қайта беріңіз!
– Қайтпағанда, мына күркеде қонады деп пе едің? Менің қызымды көрші тайпаның баласы зорлап кетті. Соны соттау керек!
Светлана үндемей қалды. Ойланып отыр.
– Былай ғой, жабайы ата, құрғақ қасық ауыз жыртады...
– Неге жыртады?
– Енді құрғақ қасық...
– Қасықты суға батырып ал.
– Құр қолға бата жүрмейді деген тағы бар
– Бата деген не ол?
– Сізге қалай түсіндірсем екен?
– Неге менің атым Сізге? Менің атым жоқ.
– Бірдеңғе берсеңіз, соттап жіберемін! – деп төтесінен қойып қалды. Оның сөзіне жабайы ақсақал тойып қалды. Сөйтті де, небір аң терілерін. мамонт етінен жасалған кәуәп, өсімдіктерден жасалға салат, алтын, күміс жүзіктер әкеліп берді.
Бірде тайпа көсемі Жоламанованы үңгіріне шақырып алды. Шақырғаны құрысын, бір сағат бойы ақырып алды. Ашуы жаман екен, жуан жұдырығымен бір қойып, өлтіре салуға таман екен. Қорыққан Светлана үңгірде үрейленіп тұрды.
– Сен парақор екенсің ғой? – деп сұрады
– Жоқ.
– Өй, маған солай жеткізді ғой?
– Жоқ.
– Сені Қазақстаннан ұрлап әкелдік. Ол жақтан да хабар жетті. Сұмдық парақор екеніңді білдік!
– Жоға, о не дегеніңіз?
– Маған сыпайы сөйлеме! Парақор екенің дәлелденді. Сондықтан, сені отқа қақтап жейміз
– Мені жеуге болмайды.
– Неге олай дейсің?
– Парақорлардың еті дәмсіз.
– Бізге бәрі бір!
– Кешіріңізші, жабайы аға?
– Кешірмеймін.
– Енді пара алсам, алақанып қотыр, екі көзім соқыр болсын!
Жабайы адамдар тайпасыңңын көсемі тыңдамады. Кеудесін тыр-тыр қасып қалып еді, төрт жабайы оны көтеріп алып, ұзын ағашқа байлап тастады, сөйтті де, сұмдық істі бастады. Айыр ағаштарға керіп қоып, астына от жаға бастады. Тура осы жеріне келгенде, Светлана Жоламанова сұмдық түсінен шошып оянды. Түске де небір нәрселер кіре береді екен ғой? Қорқып кетті. Бекер қорықпаған екен. Бір дорба пара алғаны үшін қамаққа алынды. Сонда ол қанша пара алды деп ойлайсыздар? Соңғы парасының өзінен жабайы адамдардың өзі шошиды. Одан 4,6 миллион доллар тәркіленді. Кабинетін тінткенде 4500, үйін тінкенде 2 800 000 доллар, жеке көлініде 600 000 доллар табылды. Әйтеуір, жасыра берген ғой! Застройщиктен 1 180000 доллар пара алыпты! Не деген тойымсыз еді? Қалай жарылып кетпей жүрген? Судьялар осындай пара алғанда, төрағалар...