Талқыға түскен Теке
Теке Қошқарды қабырғадан сүйкеді,
Ойын шығар деп елемеді.
Екінші рет үсті-үстіне төпеледі.
– Ау Теке дос,
Отардың билігін бердік қолыңа,
Жатқызасың, тұрғызасың, өргізесің,
Кедергі болмадық жолыңа.
Айтқаныңа сендік,
Дегеніңе көндік,
Ізіңе шаңымызды
шұбатып ердік.
Қалғанбыз-ау қалып алып,
Маңырасаң маңырадық,
Иланып,қимадық, сыйладық.
Отарға басшы сайладық.
Бірауыздан жиналып.
Кейінгі кезде,
Түлен түрткендей құбылдың.
Әркімге тиісіп жынұрдың.
– деген Қошқарды,
Бәрі мақұлдады.
Тоқты –торпақтың бірі қалмай
Таңдайлары тақылдады.
– Мен Текемін, Текемін,
Кейде жөнсіз кетемін.
Кешіріңдер Шопан ата тұқымы,
Бар екенін мойындаймын жетегім.
– деп болғасын ба ойындағы,
Өз кінәсін мойындады.