Түркіменстанның Лебап облысындағы мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялардың жетекшілері президент Гурбангулы Бердымұхамедовтің әкесінің қырық күндік асы өткенге дейін сақалын қыруға және тақия киіп жүруге міндеттелді.
Бұл туралы жергілікті басылымдар жазды. Мұндай талап президент халық алдына тақия киіп шыққаннан кейін қойылған.
"Лебап облысында барлық шенеунік пен мектеп директорына тақиясыз жүргендер бірден қызметінен алынатыны жөнінде ескерту берілген", — дейді тілші.
Бердымұхамедов әкесі қайтыс болғаннан кейін жеті күн көпшілік алдына шықпай, мемлекеттік телеканалдардан көрінген емес. Оның орнына іс-шараларға президенттің ұлы Сердар Бердымұхамедов қатысып, сыйлықтар қабыл алған.
Мяликгулы Бердымұхамедов қаза болғаннан кейін түркімен үкіметінің барлық шенеунігі ел алдына тақиямен шығып, қара түсті көлікпен жүре бастаған. Оған дейін елде қара көлік мінуге тыйым салынған. Президенттің атасы Мяликгулы Бердымұхамедов 18 мамырда 88 жасына қараған шағында қайтыс болды.
Президенттің әкесі қайтыс болғаннан кейін Мары облысындағы мейрамханалар үш күнге жабылған. Бұдан бөлек, Мары және Лебап облыстарында Мяликгулы Бердымұхамедовті еске алу үшін халықтан ақша жинаған.