"Тылсым дауыстар әжесіне асықтырды". Атырауда биіктен секіріп өлген қыз хат жазып кеткен
"Тылсым дауыстар әжесіне асықтырды". Атырауда биіктен секіріп өлген қыз хат жазып кеткен
174
оқылды

Атырауда 18 жастағы бойжеткен сегізінші қабаттан секіріп мерт болды. Қыршыннан қиылған қыз өлер алдында хат жазып кеткен. Асығыс жазылған хатта тылсым дауыстардың о дүниелік болған әжесіне асықтырғаны айтылыпты, деп хабарлайды КТК арнасы. 

"Подьезде есік кейде ашық тұрады. Сол арқылы кірді деп ойлаймын. Ол қыз біздің үйде де тұрмайды. Хатта да жазып кеткен, көрген боларсыздар? Ішіме бірдеңе кірді деген секілді. Ол енді белгілі нәрсе ғой, жын кірген немесе психологиялық ауытқу", — деді Атырау қаласының тұрғыны Бағдәулет Өміртаев.
Бойжеткен секіріп кеткен 16-қабатты үй — Атыраудағы ең биік нысан. Ол қаладағы ескі қасапхананың орнына салынған. Сегізінші қабаттан секірген қыз асфальтқа басымен құлаған. Қайғылы оқиға болған жерде қан ізі әлі жатыр. Мұндай жантүршігетін оқиға соңғы екі аптада Алмагүл ықшамауданында екінші рет боп отыр.
"Бұған дейін де 15 мамыр күні дәл осы ықшамауданның №10 үйінің тоғызыншы қабатынан әйел секіріп кеткені туралы хабарлама түскен. Ол іс бойынша да ҚК 105-бабымен тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", — деді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Еске салсақ, Атырауда 19 жастағы бойжеткеннің сегізінші қабаттан секіріп өлгені туралы хабарлаған едік.