Жасөспірімдер суға батып бара жатқан 5 жасар баланы құтқарып қалған
Жасөспірімдер суға батып бара жатқан 5 жасар баланы құтқарып қалған
154
оқылды
Ақтөбеде 17 және 15 жастағы жасөспірімдер өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"28 мамырда 17 жастағы студент Қарғалы өзенінің жағалауымен серуендеп бара жатқанда кенеттен суға батып бара жатқан баланы көреді. Жігіт ойланбастан суға секіріп, жағадан екі метрден аса жүзіп барып, баланы судан алып шығады. Сол кезде тағы бір 15 жастағы мектеп оқушысы айғайды естіп қоршаудан секіріп көмекке келген. Олар баланың жүрегін уқалап, жасанды тыныс берген. Бұл оның өмірімен күресте басты рөлдердің бірін атқарды", – деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі.
https://www.youtube.com/watch?v=vnimn76UIro