Бүгін, 29 мамыр күні, Шарын шатқалында болған оқиғаны куәгер видеоға түсіріп алған. Видеоны Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли жариялады.
https://www.youtube.com/watch?v=zjR_2nGoGjM&feature=emb_title
Оқыс жағдай Алматы облысы Шарын каньонының төменгі бөлігінде болған. Сел салдарынан 6 адам зиян шекті. Көз жұмған екі адамның бірі — кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Мұнымен қатар, тағы бір адамның із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылған.