Батыр Жүкембаев карьерасында алғаш рет жеңіліс тапты
Батыр Жүкембаев карьерасында алғаш рет жеңіліс тапты
129
оқылды

Батыр Жүкембаев 29 жастағы пуэрториколық Сабриэль Матиаспен жекпе-жекте жеңілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жекпе-жек Лос-Анджелесте өтті. Бұл қазақстандық боксшының АҚШ аумағындағы алғашқы жекпе-жегі. Бұрын ол барлық кездесуін Канадада өткізген. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген. Төртінші раундта Матиас Жүкембаевты нокдаунға түсірді. Кейін сегізінші раундтан кейін қазақстандық боксшы бұрышы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Бұл — Жүкембаевтың карьерасындағы алғашқы жеңіліс. Бұрын ол барлық 18 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған. Оның 14-і мерзімінен бұрын. Матиас осы уақытқа дейін 17 жекпе-жектің 16-сында жеңіске жеткен. Барлығында да мерзімінен бұрын. Ол 2019 жылы болған қайғылы оқиғадан кейін танымал болды. Онда жекпе-жектен кейін ресейлік боксшы Максим Дадашев комадан шықпай қайтыс болған еді.