Шарындағы сел: жоғалып кеткен оқушы қыз табылды
Шарындағы сел: жоғалып кеткен оқушы қыз табылды
200
оқылды
Шарын шатқалында сел жүрген кезде жоғалып кеткен оқушы қыз табылды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шарынға Алматыдағы №199 гимназияның сегіз оқушысы экскурсияға шыққан. Олардың қасында бес ата-ана мен үш мұғалім болған. Сел салдарынан бір мұғалім мен оқушы қыз көз жұмды.
"Үш бала зардап шекті, қазір олар ауруханада. Жағдайы қанағаттанарлық", - деп нақтылады министрліктегілер.
Бұған дейін сел кезінде жоғалып кеткен оқушы іздестіріліп жатқаны хабарланып еді. Білім министрлігі баланың табылғанын мәлімдеді. 29 мамыр күні Алматы облысында Шарын шатқалының төменгі бөлігінде сел жүрді. ТЖ министрлігінің мәліметінше, лайлы сел тасқынына ауа райының күрт өзгеруі себеп болған. Кеше шамамен он бес минут бұршақ аралас өткінші нөсер жаңбыр жауған. Алматы облысы ТЖ департаментінде жедел штаб құрылды, психологиялық қолдау бойынша қауырт желі ұйымдастырылды: 8(7282)22-02-13, 22-02-18. Желіде Шарын шатқалындағы селдің видеосы мен зардап шеккендердің суреті тарады.