Нигерияда қайық аударылып, 76 адам көз жұмды
Нигерияда қайық аударылып, 76 адам көз жұмды
5,117
оқылды

Нигерияда қайықтың аударылуы салдарынан суға кеткен тағы бірнеше адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп құрбандар саны 76 адамға жетті. Бұл оқиға бірер күн бұрын елдің солтүстік-батысындағы Кебби штатында болған. Шамамен 160 адам мінген қайық көрші қаладағы базарға бет алып, жарты жолда аударылған. Құтқарушылар бірден 20-дан аса адамды аман алып қалған. Тағы 60-қа жуығы әлі табылған жоқ. Қайғылы оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Бірақ 80 адамға арналған қайыққа екі есе көп жолаушы мінген. Оның үстіне кейбіреулер топырақ салынған қаптарды да тасымалдаған көрінеді. Биліктің пайымдауынша, қайықтың аударылуына осы жайттар себеп болуы мүмкін.
"Мен достарымның суға батып бара жатқанын көріп, оларға көмектеспек болдым. Алайда одан түк шықпады. Мен бір адамды ғана құтқара алдым. Оны арқама салып, жағаға алып шықтым", — деді аман қалған жолаушы Марьям Сани-Вара.