Павлодар тұрғыны үйдің кіреберісінде нәрестені ұрып-соққан
Павлодар тұрғыны үйдің кіреберісінде нәрестені ұрып-соққан
167
оқылды
Павлодарда үйдің кіреберісінде 10 айлық баланы анасы ұрып-соққан, - деп хабарлады polisia.kz. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Павлодар облыстық полиция департаменті оқиғаға түсініктеме берді. https://www.youtube.com/watch?v=AfXFiSuOnJk "Бұл факт Павлодардың Солтүстік полиция бөлімінде тіркелген. 1989 жылы туған әйел, жас баланың анасы екені анықталды. Анасына қатысты ҚК-нің 140-бабы «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», – деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов. Оның айтуынша, баланы дәрігерлер тексерген.
Сәби 10 айлық. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылды, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», – деп атап өтті Мәсімов.