Көшедегі адамдарға оқ жаудырған күдікті ұсталды
Көшедегі адамдарға оқ жаудырған күдікті ұсталды
126
оқылды

ТАСС агенттігінің мәліметінше, қылмыстық іс қозғалды.

«Екатеринбургте баланы өлтіруге әрекеттенген және құқық қорғау органдарының қызметкеріне қауіп төндірген күдікті ұсталды. Бұл факті бойынша Ресейдің Свердлов облысындағы Тергеу комитетінің тергеу органдары РФ Қылмыстық кодексінің 3-бабы 30-бөлігі, 2-бабының 105-бөлігі және 317-бабы («Жас баланы өлтірмекке оқталу; Құқық қорғау органдарының қызметкеріне қауіп төндіру») бойынша қылмыстық іс қозғады», – деп жазады inform.kz. Күдікті арнайы жасаққа әдейі 10 рет оқ атқан. Барлық оқ броньды сауытқа тиді. Арнайы жасақтан ешкім зардап шеккен жоқ. Күдіктіні пәтерінде ұстады.

Бұған дейін Алматыда Ресей азаматы күзетшіні атып, кейін өзі "Аллаһу әкбар" деп терезеден секіріп кеткен еді.