Он айлық сәбиін ұрып-соққан әйелге қатысты тергеу басталды – видео
Полицейлер Instagram-нан анасының 10 айлық баланы аяусыз ұрып-соққаны туралы бейнежазбаны тапты. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Сәбидің анасы 32 жастағы әйел екені анықталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Павлодар облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің айтуынша, қазіргі уақытта бала ауруханаға жатқызылды.
https://youtu.be/AfXFiSuOnJk
Әйелдің 10 айлық сәбиден басқа 12 және 14 жастағы балалары бар.