Оқиға 30 мамырда FlyArystan ұшағында болған. Видео әлеуметтік желіде тарады.
Видеодан құқық қорғау органы қызметкерлері ер адамды сабырға шақырып жатқаны көрінеді.
https://youtu.be/cukxiLqpFEI
«Ер адамға бола Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып кете алмай отырмыз. Жолаушы жүгін тіркеусіз ұшақтың салонына кіргізген. Ол артық төлем жасағысы келмеген. Екі үлкен сөмкені салонға кіргізбек болды. Супервайзерді итеріп жіберді. Содан кейін жолаушыларды ұшақтан түсіріп, иісшіл иттермен ұшақты тексерді» дейді куәгерлер.
Әуе компания өкілдері рейс Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағытталғанын растады.
«Жанжал шығарған жолаушыны ұшақтан шығаруға байланысты рейс кешікті. Жолаушыға тіркеу кезінде және бортқа отырғызу рәсімі кезінде жүгін тіркемесе, рейске жіберілмейтіні туралы екі рет ескертілді. Өйткені тасымалдау ережелеріне сәйкес бортқа бір қол жүгі бар жолаушылар жіберіледі. Бірақ жолаушы авиакомпания қызметкерлері талабын орындамады. Жолаушы ашуын көрсетіп, қызметкерді итеріп, бортқа кірді.
Басқа жолаушыларға қолайсыздық туғызғаны үшін өкінеміз. Алайда авиакомпания ережелерін сақтамаған жағдайда біз авиациялық қауіпсіздік рәсімдерін ұстануға мәжбүрміз. Жолаушыны борттан шығарған кезде біз әуе кемесі мен жолаушыларды қайта тексеруге мәжбүрміз», – деді FlyArystan өкілі.
https://youtu.be/qjp_WFCTFOI