2003 жылдан бастап осы санаттағы азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 14,9 млрд. теңге төленді.
1921 - 1954 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мың адам сотталды, олардың 25 мыңы ату жазасына кесілді. ГУЛАГ құрылымындағы ең ірі лагерлер – АЛЖИР, Степлаг, Карлаг Қазақстан аумағында болғаны белгілі. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагерлеріне 5 млн.-нан астам адам жер аударылды. 1930 - 1940 жылдары Қазақстан миллиондаған кеңес азаматтары үшін жер аударатын аймақ болды.
1937 жылдың күзінде республикаға жүздеген мың корейлер, түріктер, ирандықтар, күрдтер және әзірбайжандар қоныс аударды. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында елге неміс, грек, шешен, ингуш, қарашай, балкарлар, Қырым татарлары және басқа да халықтар жер аударды. Олардың саны – 1 млн. 200 мың адам.
«Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңға сәйкес, негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған және заңға сәйкес ақталған адамдарға көрсетілген жерлерде болуының әр айы үшін, әлеуметтік қорғау органдарына жүгінген кезде қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің төрттен үш бөлігі, бірақ 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.
2003 - 2020 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,9 млрд. теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2 188 теңгеден (3/4 АЕК) 291 700 теңгеге (100 АЕК) дейін белгіленген.
2021 жылға республикалық бюджетте аталған мақсаттарға 796 мың теңге көзделген. Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, сондай-ақ саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлерге әлеуметтік төлемдердің басқа түріне қарамастан 1,07 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді (2021 жылы – 3 122 теңге).
2005 - 2020 жылдары 12 млрд. теңге сомасында жәрдемақы төленді.
2020 жылы МБК төлемі 1 млрд. 180 млн. теңге болды.
Биыл АМЖ төлеуге 1 млрд. 259 млн. теңге бөлу жоспарланған.
Оны 32 229 адам алады.
Жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жергілікті атқарушы органдар саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек береді.
Биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10 230 азаматқа 5 834 (2 АЕК) бастап 43 755 теңгеге (15 АЕК) дейінгі мөлшерде 198,4 млн. теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсетілмек.