"Тиімді бағамен алып беруге уәде еткен": Алматыда бір топ адам ұсталды
"Тиімді бағамен алып беруге уәде еткен": Алматыда бір топ адам ұсталды
216
оқылды
Құрылыс материалдарын тиімді бағамен алып беруге уәде еткен жеке кәсіпкер сатып алушыларды алдады, – деп хабарлайды Polisia.kz. ЖК басшысы К. есімді азаматқа қатысты 10-нан астам адам ұжымдық арызбен жүгінді.
– Сотқа дейінгі тергеу барысында 2014 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта алаяқтық жолмен бір топ адам құрылыс материалдарын сатып алу-сатуды сылтауратып, азаматтардың қаражаттарын иемденіп алғандығы анықталды. Олар өздерінің алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыру үшін жалған заңды тұлғалардың аттарынан жалға берілетін кеңселердің алдында және әртүрлі интернет-ресурстарда жарнамалар жариялаған. Жалған келісімшарттармен  фискалдық түбіртектерді бермей, қаскөйлер тауарлар үшін 100% алдын-ала ақша  алды, әртүрлі сылтаумен жеткізу уақытын кешіктірді. Осылайша алдау және сенімге қиянат жасау арқылы олар өзге азаматтардың мүлкін иемденді. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Әрбір адамның іс-әрекетіне заңды баға беріледі және шара қолданылады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.