29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, біреуі жоғалып, алтауы зардап шеккені хабарланған. Олар бірден аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Шарын шатқалында зардап шеккен баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың екеуі – 2009 және 2010 жылы туған балалар. Қазіргі уақытта 2009 жылы туған бала Алматы аймақтық балалар ауруханасына ауыстырылып, жан сақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр. Диагнозы – жабық бас сүйегінің жарақаты мен мидың шайқалуы. Дене жарақаты да бар. Ал 2010 жылғы науқас Ұйғыр аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. Оның да диагнозы жабық бас сүйегінің жарақаты.
Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ресми өкілі Ләйлім Әубәкірованың сөзінше, зардап шеккеннің барлығының миы шайқалған. «1976 жылғы науқас хирургиялық бөлімде. Ал 1991 жылғы науқасты туыстары емдету үшін Алматы қаласына алып кеткен. Бұл екеуінің де диагнозы – мидың шайқалуы. 1970 және 1971 жылғы екі адам амбулаториялық емделуге жіберілді» деді ол. ©sputnik.kz[/caption] Дәл сол күні Алматыдағы №199 гимназияның 8 оқушысы шатқалға экскурсияға шыққан. Оларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген. Қайғылы оқиға салдарынан оқушы мен мұғалім көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, 26 жастағы мұғалімі Мерей Ибрагимов Шарын шатқалында оқушыны құтқарамын деп қаза тапты. Марқұм ұстаз көркем пәндерден сабақ берген. Оның жалпы педагогикалық өтілі – 5 жыл. Өзі бұл мектепте 3 жыл жұмыс істеген. Білім басқармасындағылар ол өте жауапты мұғалім екенін және барлық оқушының сүйікті ұстазы болғанын айтты. «Ол өз ісінің шебері болған. Ерекше жарқын шығармашылық тұлға, өмірде көшбасшы, ұмтылысы биік, әрдайым күлкі сыйлайтын компанияның жаны еді», - дейді олар. ©tengrinews.kz[/caption] Ал сел ағызып әкеткен бір қыз 30 мамыр күні аман-есен табылды. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыз бастапқыда тастан ұстап тұрған. Көп су келгенде оны ағызып әкеткен. Ол лай суда малтыған. Көзін, аузын жауып алған. Суда жай қалықтап жатқан. Аяғын ұрып алыпты – алдын ала мәлімет бойынша еш жері сынбаған. Кейін бір тастан ұстап үлгерген, үш шақырымдай қалқыған, содан кейін жағаға шыққан. Содан соң тауға шықпақ болған, алайда, тау биік, тіпті ересек адам да шыға алмайды. Ол бір рет құлап түскенін айтты. Сол жерде күткен. Ал кешке қарай ұйықтап кеткен, таңертең ол табылды. Қазір ол ауруханада.Шарын шатқалында мұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр. Бұған дейін 2018 жылы Шарын шатқалында 74 жастағы голландиялық азамат селфи жасаймын деп қайтыс болған. Ол 10 метрлік жардан құлап кеткен еді. Турист оқиға орнында көз жұмды. Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпары бойынша, суретке түсуде 10 метр биіктіктегі жардан туристік топтың құрамында болған 1945 жылы туған Нидерланды корольдігінің азаматы құлап кетті. Топ құрамында 21 адам болған. Барлығы шетел азаматтары. Туристік топ Көлсай көліне Алматы қаласындағы туристік компанияларының бірімен шыққан екен.