Алматыда сал ауруына шалдыққан адамнан ақша ұрлаған күтуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу ауданының полиция қызметкерлері 23 жастағы К. есімді әйелді ұстады. Ол сал ауруына шалдыққан адамды қарау үшін жалданып, оның ақшасын ұрлап алған. Ұсталған кезде қыз Шығыс Қазақстан облысында болған, ол сотқа дейінгі тергеу үшін Алматыға жеткізілді.
– Қаражатты жымқыру және дәрменсіз адамды жалғыз қалдыру фактісі туралы оның қызы хабарлады. Күдіктінің тұрған жерін анықтау үшін жедел іздестіру шаралары дереу басталды. Күтуші жұмыс берушілерге айтпай қаладан кетіп қалған болып шықты. Өкінішке орай, зейнеткердің сөйлеу мүмкіндігі жоқ, ал қаскөй осыны пайдаланып, оның банк картасынан ақшаны аударып алған. Оның азық-түлік пен басқа да қажеттіліктерді сатып алу үшін қаражатты шешіп алуға рұқсаты болған. Ол 500 мың теңгені оңай алып кеткен. K. есімді әйелді жедел қызметкерлер жеткізді. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.