Бес боксшымыз Азия чемпионатының финалында жеңіліс тапты
Бес боксшымыз Азия чемпионатының финалында жеңіліс тапты
175
оқылды
Дубайдағы Азия чемпионатындағы финалдық айқаста бес боксшымыз жеңіліс тапты. 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Даниял Сәбит ел қоржынына бірінші күміс медальді салды. Ол финалда Өзбекстан боксшысы Нодиржон Мирзахметовпен кездесіп, төрешілердің шешімімен отандасымыз жеңілді.  69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық Бобо-Усмон Батуровпен кездесті. Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында жарақат алуына байланысты, жеңіс қарсыласының еншісіне шешілді.  75 келіде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Әбілхан Аманқұл финалда өзбекстандық Сайджамшит Джафаровпен кездесті. Тартысты жекпе-жек 1:4 есебімен өзбекстандық боксшының еншісіне шешілді. 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шыққан Василий Левит финалда үндістандық Санжитпен кездесіп, төрешілер шешімімен отандасымыз 4:1 есебімен қарсыласына есе жіберді.  Аса ауыр салмақта жұдырықтасқан құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев финалда өзбекстандық Баходир Жалаловтан ұтылды.  Осылайша, Қазақстанның ерлер құрамасы Азия чемпионатында бірде-бір алтын ала алмады.