Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет AMANAT

Ұсыныстар Miras кеңесінің хаттамасына енгізілді

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Маусым 1, 2021
43
қаралым

Түркістандағы Н.Төреқұлов атындағы мұражайда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Түбі бір Түркі үшін Тұранның төрінде туғандар» атты жиын өтті.

«Nur Otan» партиясы Түркіс­тан облыстық филиалы жанын­дағы Miras қоғамдық кеңесі мен Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ бірлесіп ұйым­дастырған жиында жиырмасын­шы ғасырдағы зұлмат ашар­шы­лық пен репрессия жылдарындағы деректер сөз болды. Мәжілісті «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Miras қоғамдық кеңесінің төра­ғасы, жазушы Мархабат Байғұт жүргізіп отырды. Қ.Ясауи атын­дағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Хазретәлі Тұрсын тоталитарлық қоғамның оспадарсыз саясаты кесірінен құрбан болған отандас­тарымыздың санын анықтау, тізімін нақтылау және осы кезеңді ғылыми жүйелеу керек екеніне тоқталды. Түркістан қаласы да бұл нәубеттен шет қалмағанын айтты.

«Алаш» қозғалысы орта­лық­тарының бірі болған қала төңіре­гінің қаншама оғланы саяси се­бептермен оққа ұшты. Арқадан ауған қалың жұрт ілініп-салынып Түркістанға құлады. 1930 жылдың ақпанында болған Созақ көтері­лісіне түркістандықтар да қа­тысты. Облыс орталығы мәрте­бесін алған Түркістанда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына арналған музей бой көтерсе деген ұсынысын жеткізді.

Ал Н.Төреқұлов мұражайы­ның басшысы Омар Жексенбаев өңірден шыққан ұлы тұлғалардың есімін дәріптеу бағытында жұмыс жанданса деген ұсынысын жет­кізді. Сонымен бірге саяси қу­ғын-сүргін құрбаны, мемлекет қайраткері С.Қожановтың не­мере інісі Сұлтанбек Қожанов ұлт көшбасшылары мәңгі ел есінде қалатынын жеткізді. Түркістан облыстық түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Зикирулла Юсупов та тарихи сананы жаң­ғырту бағытындағы ойларын ортаға салып, қиын-қыстау ке­зеңде күштеп көшірілген мыңда­ған адамды, ондаған этнос өкілін бауырына басып, мейірімін ая­маған қазақ халқының мейірбан­дығын әрдайым айтып жүру керек екеніне тоқталды.

Жиынды «Nur Otan» пар­тия­сы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынба­сары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев қорытындылап, өңірдің зиялы қауым өкілдері айтқан әрбір ұсыныс Miras кеңесінің хаттамасына енгізіліп, тиісті жұ­мыс жүретінін айтты. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құ­рыл­ған саяси қуғын-сүргін құр­бан­дарын ақтау жөніндегі мем­лекеттік комиссия алдында үлкен жауапкершілік пен міндет тұр­ғанын атап өтті.

– Түркістан шын мәнінде мәдени орталыққа айналуы үшін рухани салаға да басымдық берілуі тиіс. Ал бұл жұмыстарды жүргізуде зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, мәдениет­тану­шылар, ғалымдардың маңызы зор, – деді ол.

Түркістандағы келелі кеңес қорытындысы бойынша бірқатар хаттамалық шешім қабылданды.

 

А.ЖАСАНҰЛЫ

Тегтер: 31 мамырMiras кеңесіА.ЖасанұлымұражайТүркістанұсынысхаттама

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтаннан Бішкекке әуе рейсі ашылады

Оралда 26 жастағы қызды зорлаған таксист пен оның танысы 8 жылға сотталды

Доллар бағамы 7,22 теңгеге қымбаттады

Халық Президент бастамаларын қолдап отыр – Ерлан Қошанов

Жазушы Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында қайтыс болды

1,1 миллионнан астам қызметкердің жалақысы өседі - Тоғжанов

Украинадағы соғыс 70-тен астам елді дағдарыс пен дефолтқа ұшыратуы мүмкін – БҰҰ

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»