Білім саласына ден қойылады
Білім саласына ден қойылады
241
оқылды

«Nur Otan» партиясы облыс­тық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде пар­тияның сайлауалды бағдарла­масындағы Жол картасының білім саласына қатысты көрсеткіштерінің орындалуы, қала және ауыл мек­тептері арасындағы білім деңгейінің алшақтығын төмендету, апатты және үш ауысымды мектептердің мәсе­ле­сін шешу жолдары бойынша Білім бас­қармасының басшысы өз жос­пары­мен бөлісті. Кеңес мүшесі Дәмеш Ускумбаева білім саласында сапаны қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарын бақылау жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, осы салада кездескен бірқатар кемшіліктерге де тоқталды. Сонымен бірге, отырыс бары­сын­да кеңес мүшелерімен білім беру нысандарының құрылыс сапасын бақылау, қосымша білім беру ұйым­дарының желісін кеңейту, асханалар мәселесінің шешілуі, педагогтер даярлау, осал топтағы жанұя бала­ларын компьютермен қамту мәсе­ле­лері кезең-кезеңімен шешілуіне ба­қылау жасалынатыны айтылды.  

А.ЖҰМАШ