Браконьерлердің базасы табылды
Браконьерлердің базасы табылды
196
оқылды

Балық қорын қорғаушы құзырлы органдар Каспий теңізі жағалауынан балық аулауға арналған құрал-жабдықтар, автокөліктер мен жүзу құралдары, қаруға дейін дайын тұрған орынды анықтады.

«Бекіре-2021» балық қорғау акциясы шеңберінде рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы және Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокура­турасы­ның қызметкерлері әуе тех­никасын пайдалана отырып, Каспий теңізінің солтүстік жағалауында рейдтік іс-шаралар өткізді. Олар іс-шара аясында Жылыой ауданында Терен-өзек кен орнына жақын жерде тікұшақпен ұшу барысында қамыс қопасының арасынан бірнеше адамға арналған төсек-орындар мен киімдері бар браконьерлік базаны анықтады. Ол жерден  газ баллоны, тамақ және су қоры, рация және тіркеу нөмірі жоқ тегіс ұңғылы мыл­тықтар  табылды. Жайық-Каспий облыс­аралық бассейндік балық шаруа­шылығы инспекциясы берген мәліметке сүйенсек,  сондай-ақ базаның жанында «Марш» моделі үшін жоғары өтімді дөңгелектері бар екі қолдан жасалған жерүсті көлігі және үш жүзу құралы, нақты айтқанда  резеңке қайықтар табылды. Қайық ішінде  «Қытай» өндірісі­нің монофиламентінен син­тетикалық аулары  бар 7 қапшық  болған. Әдейі жасақталған орын жиналып алынып, онда болған материалдар мен заттай дәлел­демелер құқық қорғау орган­дарына жолданды.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы