Бір жасар баласын 7 миллион теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды
Бір жасар баласын 7 миллион теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды
232
оқылды

Қалалық прокуратураның мәліметінше, 27 жастағы келіншек қамауға алынды.

Тергеу басталды. Оның бала сатпақ болғанын полицейлер кезекті мониторинг жүргізу барысында анықтаған.

«Осы дерекке қатысты Түркістан қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі 12-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 1994 жылы туған күдікті әйел өзінің 2020 жылы туған баласын сату және 7 миллион теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсті», – дейді полицейлер.

Бұған дейін 10 айлық баласын аяусыз ұрып-соққан әйел туралы жазған болатынбыз.