Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Министрдің айтуынша, соңғы 10 жылда балалар үйінің саны 210-нан 96-ға дейін, яғни 2 есе, тәрбиеленушілердің саны 3 есе азайды.
«Үш жылда 42 балалар үйі жабылып, тәрбиеленушілердің саны 1969-ға азайды. Балалар үйлерінде арнайы қамқоршылық кеңесі құрылды. 18 балалар үйі оларды қолдайтын орталыққа айналды. Бала асырап алатын ата-аналар міндетті түрде Бала асырап алушылар мектебінен өтеді», – деді Асхат Аймағамбетов.