«Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы «№ 199 мамандандырылған гимназия» КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен наградталсын», – делінген құжатта.
Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметінше, 26 жастағы Мерей Ибрагимов көркемөнер пәндерінен сабақ берген. Еңбек өтілі – 5 жыл. Кейінгі 3 жылда ол №199 гимназияда жұмыс істеген.